
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ант қабылдау мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
2023 жылғы 10 сәуірде СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасында алғаш рет қабылданған және сынақ мерзімінен ойдағыдай өткен мемлекеттік қызметшілер – ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің бас маманы Мадиан Дулатқызы Тюгумбаева мен профилактика және бірдейлендіру бөлімінің жетекші маманы Думан Таңатарұлы Бекетов салтанатты түрде ант қабылдады.
Салтанатты іс шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Басқарма басшысының м.а. Жанат Қабижанұлы Әміржанов құттықтау сөз сөйледі.
Мемлекеттік қызметте табыс, алға қойған мақсаттарға жетуде сәттілік тіледі.