Ветеринария басқармасы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңды іске асыру аясында 2023 жылғы 29-31 наурыз аралығында «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ негізінде алғаш рет аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының мамандары үшін «Ұсақ үй жануарларына ветеринариялық-хирургиялық көмек көрсетудің заманауи әдістері (орхиэктомия, овариоэктомия)» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Оқуға 27 ветеринар маман қатысты.
Оқу 2 бөлімнен тұрды. Дәрістерді ветеринария ғылымдарының кандидаты, Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы Алма Қаубайқызы Әубәкірова жүргізді. Практикалық сабақтар «ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасының негізінде ветеринар дәрігер Ксения Сергеевна Шевелеваның жетекшілігімен өтті.
3 күндік оқуда тыңдаушыларға ұсақ үй жануарларын стерилизациялау, бекемдеп байлау, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қолдану мәселелері бойынша дәрістер оқылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру, эмбриондарды трансплантациялау техникасы және оны ұйымдастыру жөніндегі тақырыптар талқыланды.
Практикалық сабақтарда жануарларды премедикациялау, наркоз енгізу және аналық бездерді алып тастау арқылы стерилизациялау (овариэктомия) жолдары көрсетілді.
Оқу аяқталған соң ветеринар мамандарға сертификаттар табысталды.