
Бруцеллез – жануарлар мен адамның созылмалы ауруы.
Адамдарға бруцеллез инфекциясын жұқтыратын негізгі көздер: қой-ешкі, ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануар түрлері.
Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында жылына екі рет бруцеллезге диагностикалық зерттеу жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаумен және өсірумен айналысатын адамдар бруцеллезге оң әсер берген жануарлар анықталған кезде мына мәселелерді білуі қажет:
Бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібіне сәйкес мал иелері ауру жануарларды басқа жануарлардан оқшаулап, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде ет комбинаттарына немесе сою пункттеріне санитариялық союға өткізуге міндетті.
Бруцеллез малды санитариялық союға өткізген кезде зертхананың мал дәрігері тікелей сою объектісінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жасап, тұтас еттің ветеринариялық-санитариялық бағасын айқындайды.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау қағидаларына сәйкес тұтас еті мен ағзаларында патологанатомиялық өзгерістер болмаған кезде бруцеллез малдың еті (қой мен ешкінің тұтас етін қоспағанда) 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді.
Мал иелері осындай қорытынды алған кезде берілген ветеринариялық-санитариялық сараптама актісінің негізінде бруцеллезге оң әсер берген малдың тұтас етін ішкі сауда объектілерінде (дүкендер, базарлар) нарықтық баға бойынша сата алады немесе тұтас етті сою объектісінде өз қалауы бойынша нарықтық бағамен қалдыра алады.
Сондықтан ірі қара мал, шошқа, түйе мен жылқы бруцеллезбен ауырған кезде етті шектеусіз пайдалану туралы сараптама актісін алған ет иелеріне жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құны өтелмейді.
Демек, міндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жіберілетін тұтас ет пен ағзаларында патологанатомиялық өзгерістер болғанда ғана бруцеллез малдың құны өтеледі. Құны жануарлардан алынатын өнімнің бір килограмы есебімен орташа айлық нарықтық құнының 30%-ы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (70%) өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарына сәйкес тиісті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген мақсаттарға қосымша бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Бруцеллезге оң әсер берген жануарларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу кезінде құнын өтеуге қажетті құжаттар тізбесі:
Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары! Бруцеллез – адам мен жануарға ортақ аса қауіпті ауру. Қауіпсіздік және бруцеллездің алдын алу шараларын сақтаңыздар!