Үздік мемлекеттік қызметші

Үздік мемлекеттік қызметші

Ағымдағы жылғы 12 қаңтарда Google әлеуметтік желілер платформасында мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің бастамасымен облыс әкімдігінің барлық басқармалары ұжымында жасырын дауыс беру арқылы «Үздік мемлекеттік қызметші» атағына конкурс өткізілді.

Ветеринария басқармасында 2023 жылғы қаңтарда профилактика және бірдейлендіру бөлімінің бас маманы Нариман Мәлікұлы Тасболатов «Ең үздік мемлекеттік қызметші» номинациясының жеңімпазы атанды, оған ұжымда ветеринария басқармасы басшысы міндетін атқарушының алғыс хаты табысталып, кәсіподақ комитеті тарапынан марапатталды.