
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық инспекторлар және жарғысында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2022 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдар TANBA https://tanba.kezekte.kz үй жануарларын есепке алу ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Сервис) тіркеледі.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектордың куәлігін алу үшін Қағидаларға сәйкес Сервис арқылы өтініш пен құжаттарды тапсыру қажет.
2023 жылдың басында «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектордың 2 куәлігі берілді.
Бұдан басқа, жедел өзара іс-қимыл жасау және Сервис пайдаланушыларының мәселелерін шешу үшін https://t.me/qaztanba телеграмм-арнасы мен https://t.me/tanbaqaz телеграмм-чаты құрылды.