
Бүгін басқарма басшысының м.а. О.Ә. Болыспаевтың төрағалығымен аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының директорларымен қорытынды кеңес өткізілді. Кеңесте 2022 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау жөніндегі бөлімінің басшысы Г.С. Мәулетбаеваның қатысуымен «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар ветеринариялық іс-шаралар, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу, бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және басқалар жөнінде мәселелер қаралды.
Қатысушылардың «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берілді.
Кеңес соңында ветеринариялық станциялардың директорларына тиісті тапсырмалар берілді.
Басшының м.а. О.Ә. Болыспаев ветеринариялық станциялардың директорларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жұмыста табыс тіледі.