
Құтыру – барлық сүтқоректілер мен адамдарға жұғатын аса қауіпті зооантропонозды (жануардан адамға жұғатын) ауру. Бұл ауру неврологиялық бұзылу (судан қорқу, жарықтан қорқу, адамдар мен басқа жануарлардан қорықпау, салдану, құрысу) түрінде өтеді.
Біздің өңірде көбінесе құтырумен түлкілер ауырады, олар табиғаттағы аурудың негізгі көзі болып табылады, сондай-ақ иттер, мысықтар, жанат тәрізді ит және басқа да жылы қанды жануарлар да ауырады.
Құтыру вирусы ауру жануарлардың сілекейінен бөлінеді және негізінен тістеген кезде немесе сілекей шырышты қабаттарға немесе жараларға тигенде (жалаған, жөтелген, түшкірген) жұғады.
Құтырудың инкубациялық кезеңі бетте немесе мойында тістеу оқшауланған кезде екі аптадан бастап, қоздырғыш аяқтары тұсынан енген кезде бірнеше (1-3) айға дейін болуы мүмкін. Сирек жағдайларда инкубациялық кезең бір жылға созылады.
Ауру жұққаннан кейін бастапқы кезеңде дене қызуы көтеріліп, көздерінің қарашығы үлкейеді. Біртіндеп жануардың қозуы күшейіп, тітіркену, жарықтан қорқу, діріл, қимыл қозғалыс үйлесімінің бұзылуы пайда болады. Кейбір жағдайларда диарея байқалады. Ауру күшейе түскен сайын жануар агрессивті мінез-құлық танытып, ол басқа жануарлар мен адамдарға бас салып, тістеуі мүмкін. Немесе, керісінше, көптеген жабайы жануарлар (әсіресе түлкілер) адамдардан қорықпай, елді мекендерге жиі кіреді, мейірімденіп, жалағысы келеді. Одан әрі ауру күшейген кезде салдана бастайды, оның ішінде жақтары салданады, құрысулар пайда болады, бұл жануардың өліміне әкеп соғады.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта құтыруды тиімді емдеу шаралары әзірленбеген. Егер сіздің үй жануарыңызға құтырған жануар шабуыл жасады деп күдіктенсеңіз, әр ауданда немесе Петропавл қаласында орналасқан ветеринариялық қызметке мүмкіндігінше дереу жүгіну керек. Егер сізді қараусыз қалған үй жануарлары немесе жабайы жануарлар тістеп алса немесе жаласа, құтыруға қарсы көмек көрсету үшін дереу медициналық мекемелерге бару керек.
Құтырудың алдын алудың жалғыз тиімді әдісі – жануарларға уақтылы вакцина егу.
Құтыру ауруының алдын алу үшін барлық меншік нысандарының иелері індетке қарсы міндетті іс-шараларды жүргізу үшін ветеринариялық қызмет мамандарына жануарларды ұсынуы, сондай-ақ Петропавл қаласының және аудандардың ветеринариялық станцияларында жануарларды тіркеуге алуы қажет.