Марапаттау

Марапаттау

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін мерекелеуге орай «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң салалық кәсiптiк одағы» қоғамдық бiрлестiгi атқарушылық комитетiнiң қаулысымен көпжылдық адал еңбегi, ветеринария саласына қосқан үлесi, ауыл шаруашылығы саласының кәсiподақ қозғалысын қолдағаны үшiн мына қызметкерлер III дәрежелi «Еңбек Даңқы» төсбелгiсiмен марапатталды:

- ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің басшысы Тараканова Н.Е.,

- қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Мәмбетова Г.Н.,

- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің бас маманы Әбішев А.Ә.,

- профилактика және бірдейлендіру бөлімінің бас маманы Шаханова Д.С.,

- әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы Құлыбекова Б.С.