2022 жылғы 26-28 қазан аралығында СҚО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өткізіледі

2022 жылғы 26-28 қазан аралығында СҚО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өткізіледі

       

          Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (бұдан әрі — ДЖДҰ) арасында қол қойылған Келісімді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметі тұрақты негізде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық жаттығулар өткізеді.

           Ағымдағы жылы 26-28 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында аусылды бақылау жөніндегі жаһандық стратегия Бағдарламасы шеңберінде аусыл бойынша симуляциялық жаттығу өткізуге бастамашылық жасалды.

           ДЖДҰ ұсынысына сәйкес бұл іс-шара аусыл ошағы пайда болған жағдайда ден қою жөніндегі ветеринариялық қызметтің дайындығын растауға, аусыл ауруын бақылауды күшейтуге, ауруды бақылауға жауапты ұлттық ветеринариялық қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған.

        Аусыл бойынша симуляциялық жаттығулардың практикалық бөлігін өткізу Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының төтенше жағдайлар, ішкі істер, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының өзара іс-қимылы кезінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялар, СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасының, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, өкілдерінің қатысуымен өтеді.