ішкі бақылау

ішкі бақылау

 

2022 жылғы 19-21 қазан аралығында ветеринария басқармасы басшысының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген Бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес ішкі бақылау қызметінің бас маманы А.Ә. Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Тимирязев  ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі бақылау жүргізді. Бақылау іс-шаралары барысында Дзержинск , Аксуат, Белоградовка, Мичурино, Ленинск, Акжан, Куртай, Дмитриевка, Интернационал, Москворецкий, Комсомол ауылдық округтеріне барды. Жергілікті жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты адамдармен ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке қосалқы шаруашылықтарды аралап, ауыл шаруашылығы жануарлары иелерімен ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді, сондай-ақ тұрғындар, ауылдық округ әкімдері мен әкім аппаратының мамандары арасында ветеринар мамандардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.