«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШТI:
- Қоса берiлiп отырған Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекiтiлсiн.
- «Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32/2 шешiмiнiң (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3111 болып тiркелдi) күшi жойылды деп танылсын.
- Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстiк Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы В.С. Бубенко