
Мал дәрiгерi — ең игiлiктi мамандықтардың бiрi, бұл мамандықты кездейсоқ адамдар меңгермейдi, өйткенi бұл iстi бейiмi, икемi бар адамдар ғана таңдайды.
Олар өздерiнiң қажырлы еңбектерiмен халық пен жануарлардың саулығын қамтамасыз етедi.
Демалыс және мереке күндерi, кез келген ауа райы жағдайында күнделiктi жұмыс iстейтiн мал дәрiгерлерiнде мұражайларға, театрларға және басқа да мәдени-демалыс орындарына барып демалуға мүмкiндiк бола бермейдi.
Сондықтан СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы осыны ескере отырып, 1 шiлдеде облыстың ветеринариялық станцияларының құрылғанына 10 жыл толуына орай мәдени-бұқаралық iс-шара ұйымдастырды. Ветеринариялық станция қызметкерлерi үшiн ботаникалық баққа, Абылай хан резиденциясына, «Green Park» отбасылық саябағына, Оқушылар сарайына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, соңында қызметкерлер «Qyzyljar music fest» халықаралық фестивалiнiң ашылуына қатысты.
Осы iс-шараға қатысып рухани нәр алған ветеринария мамандары алған әсерлерiмен бөлiстi. Олардың көпшiлiгi осындай көрнекi жерлерде алғаш рет болып отыр.