Үй жануарларын есепке алу қағидалары және есепке алуға жататын үй жануарларының тiзбесi бекiтiлдi

Үй жануарларын есепке алу қағидалары және есепке алуға жататын үй жануарларының тiзбесi бекiтiлдi

Есепке алуға жататын жануарлар: ит, мысық, теңiз шошқасы, шиншилла, күзен, сәндiк егеуқұйрық, тасбақа, ергежейлi шошқа, аламан, маймыл (ұстауға тыйым салынған түрлерден басқасы). Иттер мен мысықтар мiндеттi түрде есепке алынуы тиiс, қалғандары — ерiктi түрде.

Есепке алынуға тиiс үй жануарлары тiзбесiне енгiзiлген, жеке және заңды тұлғаларға меншiк құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесiлi, оның iшiнде жануарларға арналған панажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттерiндегi, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегi үй жануарлары мiндеттi есепке алынуға, жануар иесi ауысқан жағдайда деректер базасында мiндеттi қайта есепке алынуға жатады

✅ Үй жануарларын есепке алу рәсiмi мыналарды қамтиды:

1) иеленушi және (немесе) жауапты тұлға деректер базасында оқиғаларды тiркеу үшiн тiркеушiге электрондық түрде өтiнiм бередi;

2) үй жануары иесiнiң және (немесе) жауапты адамның тiркеушiге үй жануарлары туралы деректерiн беруi;

3) үй жануарының жалпы денсаулық жағдайын көзбен қарап тексеру және тiркеушiге белгiленген есепке алу бұйымдарының (құралдарының) бар-жоғын тексеру;

4) деректер базасында үй жануарына тұқымдық сипаттамалар беру;

5) тiркеушiлердiң есепке алу бұйымдарын (құралдарын) орнатуы;

6) мәлiметтердi деректер базасына енгiзу;

7) деректер базасында үй жануарына жеке нөмiр беру;

Деректер базасымен автоматты түрде генерацияланатын үй жануарының жеке нөмiрi (бұдан әрi — ЖЖН) он бес символдан тұрады, олардың мынадай белгiлерi бар:

1) алғашқы үш символ — Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан — 398);

2) төртiншi-бесiншi символдар — осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануардың түрiн бiлдiретiн сандық код;

3) алтыншыдан он беске дейiнгi символдар — бiрегей реттiк нөмiр.

Қағидалар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрiнiң 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 бұйрығымен бекiтiлген. Құжат 2023 жылғы 01.09 қолданысқа енгiзiледi.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028148

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028148