Үй жануарларын төмендегiдей орындарда ұстауға рұқсат етiлмейдi:
- Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершiлiкпен қарау және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде қоғамдық орындарда, ұстау орындарында;
- ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар);
- үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердiң үй маңындағы аумақтарынан басқа);
- ас үйлер мен жатақхана дәлiздерiнде.
Үй жануарларын серуендету кезiнде мынадай талаптар сақталады:
- үй жануарларын серуендету орындарында ұзындығы 2 (екi) метрден аспайтын қарғы баумен тұмылдырықсыз серуендету, бұл ретте жануардың иесi өзiмен бiрге тұмылдырық алып жүредi, ол қажет болған кезде итке дереу кигiзедi;
- жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген жерлерде, итке дер кезiнде тұмылдырық кигiзедi және серуендету орындарда қарғыбаудың ұзындығын тиiсiнше реттейдi;
- үй жануарын айналасындағыларға алаңдаушылық және кедергi келтiрмей серуендетедi;
- көшелер арқылы немесе магистральдардың жанынан өткен кезде үй жануарларына тұмылдырық кигiзiледi және оны 1,5 метрден аспайтын қысқа қарғыбауда ұстайды;
- тыйым салатын жазбалар болмаған жағдайда итке тұмылдырық кигiзiлiп, 1,5 метрден аспайтын қысқа қарғыбау салынады;
- егер бұл ретте жұртшылыққа қауiп төнбесе, қоғамдық тәртiптi бұзбаса, иттiң саулығына қауiп төнбесе және оның қозғалу еркiндiгiне кедергi келтiрiлмесе, иесi ғимарат iшiнде болған уақытта иттi ұзындығы 1,5 м аспайтын қарғыбау салып, тұмылдырықпен ғимараттың жанында байлаулы қалдыру.
Қағидалар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрiнiң 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығымен бекiтiлген. Құжат 2022 жылғы 23.07 қолданысқа енгiзiледi.
Толығырақ ақпаратпен мына сiлтеме бойынша танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028138
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028138