
2022 жылғы 15 сәуірде Ветеринария басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекторы Светлана Николаевна Зайцевамен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» атты тақырыпта семинар өткізді.
Семинар барысында инспектор мемлекеттік қаражатты тиімсіз жұмсау тәуекелдерін төмендету, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын жетілдіру, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» үшін жауапкершілікті күшейту мәселелеріне тоқталды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында Ветеринария басқармасында жаппай құқықтық оқыту бойынша бұйрық шығарылды, заңнаманы зерделеу жөніндегі 2022 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспар бекітілді. Сондай-ақ Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі әзірленді, онда мақалалар, бейнероликтер және ақпараттық плакаттар жарияланады.