
13 сәуірде Ветеринария басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің online жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңке Инстаграмм желісінде және Департаменттің «ЕGov-та көрсетілетін қызметтерді қалай алуға болады» деген парақшасында көрсетілді. Ветеринария басқармасы тікелей эфирде ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия алуға, сондай-ақ ветеринариялық анықтама мен ветеринариялық паспорт беруге қатысты толық түсініктеме берді.