
2022 жылғы 13 сәуірде Ветеринария басқармасы аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының мамандарымен «Берілген ветеринариялық анықтамалар бойынша ай сайынғы есеп беру» тақырыбы бойынша семинар өткізді. Мұндай семинар Басқармада алғаш рет өткізіліп отыр, ол берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді ұсыну сапасын арттыруға бағытталған.
Берілген ветеринариялық анықтамаларға мониторинг жүргізу тұрғысында «Басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» дерекқорының жұмысы іс жүзінде көрсетілді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты адамдармен ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерін сақтау және есеп беру құжаттамасын дайындау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.