
2022 жылғы 5-8 сәуiр аралығында ветеринария басқармасы басшысының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекiтiлген Бақылау iс-шаралары жоспарына сәйкес iшкi бақылау қызметiнiң бас маманы А.Ә. Әбiшев Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер басқармасының бас маманы А.О. Әубәкiровамен бiрлесiп, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметiнде мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiне iшкi бақылау жүргiздi. Бақылау iс-шаралары барысында Архангелька, Асанов, Березов, Бугров, Бескөл, Вагулин, Қызылжар, Куйбышев, Лесной, Налобин, Новоникольск, Петерфельд, Прибрежный, Рассвет, Рощинск, Светлопольск, Соколовка ауылдық округтерiне барды. Аздаған бұзушылықтар анықталып, тексеру барысында жойылды. Жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк қызметтер көрсететiн жауапты адамдармен ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын сақтау мәселелерi жөнiнде түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi. Сондай-ақ тұрғындар, ауылдық округ әкiмдерi мен әкiм аппараты мамандары арасында ветеринар мамандардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы жөнiнде түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi.