
2022 жылғы 18 наурызда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ ұжымында Қазақстан Республикасының Президентi Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Басқарма басшысының м.а. Болыспаев Олжас Әлжанұлы Мемлекет басшысы жариялаған негiзгi реформаларға тоқталды.
Бiрқатар мамандар қозғалған мәселелер бойынша оң пiкiрлерiн бiлдiрiп, жаңа жолдаудың жаңа Қазақстанды реформалау мен құру аясында ерекше маңызы бар екенiн атап өттi.