
2022 жылғы 28 ақпанда Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары О.Ә. Болыспаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес және мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету мәселелерi жөнiнде жұмыс кеңесi өткiзiлдi.
Семинар жұмысына бөлiм басшылары, облыстық ветеринария басқармасынан бекiтiлген мамандары, ветеринариялық станция директорлары, комплаенс-қызмет мамандары және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге жауапты мамандар қатысты.
2022 жылғы 2 ақпанда ҚР Президентiнiң № 802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы бекiтiлдi. Бұл туралы әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң бас маман заңгерi А.С. Әшiмов өз баяндамасында айтып өттi.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау қызметiнiң бас маманы А.Ә. Әбiшев Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi департаментiнiң 2021 жылғы iшкi бақылау бойынша жүргiзiлген талдау туралы ақпаратын мәлiмдедi.
Кейбiр ветеринариялық станциялардың директорлары жоғарыда аталған мәселелер бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылға арналған жоспарлар туралы есеп бердi.