Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң бастамасы бойынша мемлекеттiк органдарды мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын жақсарту процесiне тарту мақсатында 2022 жылғы 24 ақпанда Ветеринария басқармасының Фейсбук платформасында тiкелей эфирде онлайн түрде «Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi» өткiзiлдi.

Облыстың ветеринариялық қызметi мемлекеттiк қызметтiң үш түрiн көрсетедi, оның iшiнде Басқарма «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк қызметiн көрсетедi, аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызметтерiн көрсетедi.

Бұл iс-шараға ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң бас маманы Болатов Ернат Жанатұлы, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО бойынша филиалы HR дамыту басқармасының бас HR менеджерi Жакин Ермек Серiкұлы, Қызылжар ауданы ветеринариялық станциясының директоры Бәгенов Ербол Қабдрахманұлы, ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар бөлiмiнiң басшысы Тараканова Наталья Евгеньевна, Ветеринария басқармасының бас маманы Дәулетбаев Нұртуған Қойлыбайұлы қатысты.