
2022 жылғы 18-22 ақпан аралығында Қызылжар, Тимирязев, Айыртау, Ғабит Мүсiрепов атындағы және Шал ақын аудандарында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк мәселесi талқыланды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi аумақтық инспекциясының, аудандық прокуратура мен iшкi iстер органдарының өкiлдерi, ауылдық округтердiң әкiмдерi, ветеринариялық станциялардың директорлары, аталған аудандардың ауыл шаруашылығы құралымдарының басшылары ветеринариялық-санитариялық заңнаманы бұзуға жол бермеу, ветеринариялық iс-шараларды өткiзу, мал қорымдарын салу, жануарларды бекемдеп байлауға арналған өткелектер мен станоктар сатып алу, бiлiктi кадрларды тарту, жаңадан мал сою объектiлерiн және қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған панажайлар салу, iшкi iстер органдарымен бiрлескен рейдтiк iс-шаралар өткiзу мәселелерiн талқылады.