
2022 жылғы 4 ақпанда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасының басшысы Мамлют және Жамбыл аудандарында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi жөнiндегi көшпелi кеңестерге қатысты.
Кеңес жұмысына ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, аудандық прокуратура мен iшкi iстер органдарының өкiлдерi, ауылдық округтердiң әкiмдерi, ветеринариялық станциялардың директорлары, ауыл шаруашылығы құралымдарының басшылары қатысты.
Күн тәртiбiнде ветеринариялық-санитариялық заңнаманы бұзуға жол бермеу, ветеринариялық iс-шараларды өткiзу, мал қорымдарын салу, жануарларды бекемдеп байлауға арналған өткелектер мен станоктар сатып алу, бiлiктi кадрларды тарту, жаңадан мал сою объектiлерiн және қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған панажайлар салу, iшкi iстер органдарымен бiрлескен рейдтiк iс-шаралар өткiзу мәселелерi талқыланды.