Кеңес

Кеңес

2021 жылғы 14 ақпанда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасының басшысы Есiл аудандарында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi жөнiндегi көшпелi кеңеске қатысты.

Кеңес жұмысына аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясының, аудандық прокуратура мен iшкi iстер органдарының өкiлдерi, ауылдық округтердiң әкiмдерi (бейнеконференц-байланыс арқылы), ветеринариялық станция директоры мен мал дәрiгерлерi, ауыл шаруашылығы құралымдарының басшылары қатысты.

Есiл ауданы ветеринариялық станциясының директоры А.Қ. Илюкин 2021 жылы атқарылған жұмыс және 2022 жылға арналған мiндеттер туралы баяндама оқыды.

Кездесу барысында ветеринариялық-санитариялық заңнаманы бұзуға жол бермеу, ветеринариялық iс-шараларды өткiзу, мал қорымдарын салу, жануарларды бекемдеп байлауға арналған өткелектер мен станоктар сатып алу, бiлiктi кадрларды тарту, мал соятын жаңа объектiлер және қаңғыбас иттер мен мысықтарды асырауға арналған панажайлар салу, iшкi iстер органдарымен бiрлескен рейдтiк iс-шаралар өткiзу мәселелерi талқыланды.