
2022 жылғы 07-10 ақпан аралығында ветеринария басқармасы басшысының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекiтiлген Бақылау iс-шаралары жоспарына сәйкес iшкi бақылау қызметiнiң бас маманы А.Ә. Әбiшев «Мамлют ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметiнде мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiне iшкi бақылау жүргiздi. Бақылау iс-шаралары барысында Мамлют ауданы Белое, Пригородный, Воскресеновка, Леденев, Краснознаменск, Андреев, Становое, Дубровное, Ленин, Қызыләскер, Новомихайлов ауылдық округтерiне барды. Аздаған бұзушылықтар анықталды, олар тексеру барысында жойылды.
Жергiлiктi жерлерде ветеринария саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын сақтау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсететiн жауапты адамдармен түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Сондай-ақ, тұрғындар, әкiмдер және ауылдық округ әкiмдерi аппараттарының мамандары арасында ветеринар мамандардың мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.