Кеңес

Кеңес

2021 жылғы 4 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Мамлют және Жамбыл аудандарында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі көшпелі кеңестерге қатысты.

Кеңес жұмысына ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, аудандық прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері, ауылдық округтердің әкімдері, ветеринариялық станциялардың директорлары, ауыл шаруашылығы құралымдарының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде ветеринариялық-санитариялық заңнаманы бұзуға жол бермеу, ветеринариялық іс-шараларды өткізу, мал қорымдарын салу, жануарларды бекемдеп байлауға арналған өткелектер мен станоктар сатып алу, білікті кадрларды тарту, жаңадан мал сою объектілерін және қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған панажайлар салу, ішкі істер органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды.

Ветеринариялық заңнама талаптары мен қызметтің барлық қатысушыларының жауаптылық шаралары толық түсіндірілді.