
2021 жылғы 15 желтоқсанда елiмiздiң басты мемлекеттiк мерекесi — Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi қарсаңында 30 жылдық мерейтойға арналған салтанатты iс-шара өттi.
Iс-шараға Солтүстiк Қазақстан облысы ветеринариялық қызметiнiң қызметкерлерi шақырылды.
Бiрқатар қызметкерлер мерекелiк медальдармен, облыс әкiмiнiң Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты шарада Қызылжар ауданы «Үздiк ветеринариялық станция», Есiл ауданы «Үздiк ветеринариялық пункт» байқауының жеңiмпаздары атанса, Ақжар ауданы ветеринариялық станциясының ветеринариялық дәрiгерi Қожылдақов С.К. «Үздiк ветеринариялық дәрiгер», Шал ақын ауданы ветеринариялық станциясының ветеринариялық фельдшерi Қазанбаев Б.С. «Үздiк ветеринариялық фельдшер» байқауларының жеңiмпаздары атанды.
Сондай-ақ Ветеринария басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен аудандардың ветеринариялық дәрiгерлерi мен ветеринар мамандары марапатталды.
Iс-шара мерекелiк концертпен аяқталды.