
2021 жылғы 8 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай «Что? Где? Когда?» тақырыптық ойынын өткізді.
Ойынға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы СҚО бойынша филиалының бөлім қызметкерлерінің командалары қатысты. Ойында «Ашық әкімдік» құрама командасы жеңіске жетті, команда құрамында СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасынан әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері Азамат Серғазыұлы Әшімов болды.
Ойын барысында қатысушылар ассоциативті, логикалық және абстрактылы ойлау, құзыреттілікті дамыту, зияткерлік, шығармашылық әлеуетті ашу, заңнаманы білу дағдыларын қолданды.