Бақылау iс-шаралар

Бақылау iс-шаралар

Ветеринария басқармасы басшысының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 139 бұйрығымен бекiтiлген Бақылау iс-шаралары жоспарына сәйкес 2021 жылғы 22-25 қараша аралығында бас маман А.Ә. Әбiшев «Тайынша ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметiнде мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiне iшкi бақылау жүргiздi. Бақылау iс-шаралары барысында Тайынша ауданының Абай, Донецк, Алабота, Чкалов, Амандық, Зеленогай, Яснополянск, Рощинск, Краснополянск, Келлеров, Драгомиров, Большеизюмов, Киров ауылдық округтерiне барды. Жергiлiктi жерде мемлекеттiк қызметтер көрсететiн жауапты адамдармен ветеринария саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын сақтау мәселелерi жөнiнде түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi. Сондай-ақ ауылдық округ әкiмдерi аппараттарының мамандары мен тұрғындар арасында ветеринар мамандардың мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы жөнiнде түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi.