Семинар

Семинар

2021 жылғы 17 қарашада «СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ-да «2022-2026 жылдарға арналған даму жоспары және оның бес жылдық кезеңде орындалуы бойынша есеп. Негiзгi құралдарды түгендеу және есептен шығару» тақырыбында ZOOM бейнеконференциясы арқылы семинар өткiзiлдi. Семинарға аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының бас бухгалтерлерi мен бухгалтерлерi қатысты. Семинарда 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарының қосымшаларын толтыруға қатысты мәселелер, сондай-ақ негiзгi құралдарға түгендеу жүргiзу ережесi мен тәртiбi қаралды.