Бақылау iс-шаралар

Бақылау iс-шаралар

Ветеринария басқармасы басшысының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 139 бұйрығымен бекiтiлген бақылау iс-шараларының жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 1-нен бастап 4-шi қараша аралығында бас маман А.А. Әбiшев «Аққайың ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК мемлекеттiк қызмет көрсетуге iшкi бақылау жүргiздi. Бақылау iс-шаралары барысында Аққайың ауданының Полтава, Иванов, Аралағаш, Лесной, Шағалалы, Власовский, Қиялы ауылдық округтерi араланды. Жергiлiктi жерлерде ветеринария саласында мемлекеттiк қызмет көрсету ережелерiн сақтау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсететiн жауапты тұлғалармен түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Сонымен қатар, ауылдық округ әкiмi аппараттарының мамандары мен тұрғындар арасында ветеринариялық мамандардың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.