
2021 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында Ветеринария басқармасы басшысының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 139 бұйрығымен бекiтiлген Бақылау iс-шаралары жоспарына сәйкес ветеринария басқармасы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау қызметiнiң бас маманы А.Ә. Әбiшев «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметiнде мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiне iшкi бақылау жүргiздi. Бақылау iс-шаралары барысында Тимирязев ауданының Ақжан, Дзержинский, Интернациональный, Құртай, Комсомол, Хмельницкий, Ленин, Мичурин, Ақсуат, Белоградов ауылдық округтерiне барды. Барған жерлерде мемлекеттiк қызмет көрсететiн жауапты мамандармен мемлекеттiк қызмет көрсету ережелерiн сақтау мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Сондай-ақ ауылдық округ әкiмдерi аппараттарының мамандары мен тұрғындар арасында ветеринар мамандардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы тұрғысында түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi.