
21 және 22 қыркүйекте Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан аумағында «Алматы облысындағы қиратушы жер сiлкiнiсi салдарынан туындаған төтенше жағдайды жою кезiндегi iс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдары мен күштерiн дайындау» тақырыбы бойынша «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өттi.
«Жер-2021» ХКШОЖ өткiзу шеңберiнде жеке құрамнан 7 адам және 3 бiрлiк техникадан (1 бiрлiк Камаз автокөлiгiнiң шассиiндегi мал таситын көлiк, 1 бiрлiк жануарлардың өлекселерiн жою қондырғысы (инсинератор) бар ГАЗ автокөлiгi, 1 бiрлiк «Нива» жеңiл автокөлiгi) құрылған жануарларды қорғау командасы сапқа тұрғызылды, керектi жабдықтар мен құрал-саймандар, жеке қорғану құралдарының бар-жоғы тексерiлдi. «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК негiзiнде құрылған жануарларды қорғау командасы қойылған мiндеттердi орындауға дайын.
Оқу-жаттығуды өткiзу кезеңiнде облыстық жануарларды қорғау қызметiнiң жедел тобы оқу-жаттығуға басшылық ету штабынан «Жер-2021» ХКШОЖ басқарудың алты дабылын алды. Оқу-жаттығу барысында басшылық штабына оқу-жаттығулар бойынша дабылдар мен жағдайларды қабылдау бойынша жедел хабарламалардың ұсынылуы қамтамасыз етiлдi.
«Жер-2021» ХКШОЖ қорытындысы бойынша оқу-жаттығуларға толық талдау жүргiзiлдi, облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерiнiң қиратушы жер сiлкiнiсi салдарын жою бойынша iс-қимылдарға дайындығына баға берiлдi, төтенше қызметтердiң жұмысын одан әрi жетiлдiрудiң басым бағыттары айқындалды.