
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi төрағасының м.а. Б.К. Абызбаев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ветеринария бойынша ұлттық референттiк орталығының бас директоры М.А. Бердiқұлов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының директоры С.Б. Абдулхаликов бастаған республикалық комиссия Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi Қ.Қ. Омаров, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Б.А. Әлжанов, облыстық аумақтық инспекция басшысы М.Қ. Ыбыраевтың қатысуымен құс тұмауы бойынша қолайсыз пункт Мағжан Жұмабаев ауданының Лебяжье ауылына барды.
Сапар барысында эпизоотиялық жағдай зерделендi, су қоймасына мониторинг жүргiзiлдi, ауруды жою ауқымы анықталды, халық арасында түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.
Инфекция ошағын дер кезiнде және жедел оқшаулау және жою үшiн елдi мекеннiң периметрi бойынша жер жыртылды, кiретiн және шығатын автокөлiктердi дезинфекциялау үшiн дезинфекциялық тосқауыл орнатылды.
Iндет тiзбегiн үзу мақсатында ошақтағы барлық құс басын жою туралы шешiм қабылданды. Алып қойылған және жойылған құстың иелерiне өтемақы толық көлемде төленетiн болады.
Эпизоотиялық жағдай бақылауға алынды, облыстың басқа елдi мекендерiне инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар қолданылып жатыр (вакциналау, тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстары, тiрi құс пен құс шаруашылығы өнiмдерiнiң қозғалысын бақылау).