
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасының (бұдан әрi — Басқарма) басшысы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы бекiткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2021 жылға арналған бiрлескен жұмыс жоспарының 30-тармағын орындау үшiн 2021 жылғы 16 қыркүйекте жұртшылықпен бiрлесе отырып (Адалдық алаңы), жануарлардың өлекселерiн көмуге арнап жабдықталған аймақтарға мониторинг жүргiзiлдi.
Мониторингке Басқарманың әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маман-заңгерi Әшiмов Азамат Серғазыұлы, Тайынша ауданы ветеринариялық станциясының директоры Токужинов Марат Мерғасымұлы, Басқарманың профилактика және бiрдейлендiру бөлiмiнiң бас маманы Сейiтмағамбетов Құрмаш Мәжитұлы, «Тайынша адалдық алаңы» өкiлi Третьяк Оксана Алексеевна қатысты.
Мониторингiлiк топ сапар барысында Тайынша қаласы мен Тайынша ауданы Келлеровка ауылдық округiнiң аумағында орналасқан мал қорымдарына барды.
Анықтама үшiн: мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) — эпизоотиядан өлген немесе таралуының алдын алу мақсатында сойылған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерiн ұзақ мерзiмдi сақтауға арналған орын. Сiбiр жарасы көмiндiлерi қорғау мен есепке алудың ерекше мәртебесiне ие.
2020 жылы облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша және бекiтiлген Мал қорымдарын салу және реконструкциялаудың 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес Келлеровка ауылдық округi Келлеровка ауылының (қатты тұрмыстық қалдықтар қоқысының жанындағы бұрынғы Розовка ауылы) аумағында мал қорымының құрылысы жүргiзiлдi. Осы мақсаттарға аудандық бюджеттен 4,2 млн. теңге бөлiндi.
Жұмысты «Блок Сити Экострой» ЖШС мердiгер ұйымы (Көкшетау қаласы) жүргiздi.
Мынадай құрылыс-монтаж жұмыстары жүргiзiлдi: бетондалған шұңқырдың құрылысы; шұңқырдың жабынын орнату; бөлшектеу үстелшесiн монтаждау; қақпа құрылғысы бар қоршауды монтаждау; траншея құрылысы; кiрме жолдардың құрылысы; аншлаг орнату.
Тайынша ауданында мал қорымының құрылысы жүрiп жатыр. Жұмысты жүзеге асырушы ЖК «Рассвет» (Тайынша қ.) мердiгер ұйымы. Шарт сомасы 4,8 млн. теңге.
Мониторингiлiк топ мал қорымдарының кейбiр тұстары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 29.06 № 7-1/587 бұйрығымен бекiтiлген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтiндiгiн атап өттi және жұмыс тәртiбiнда оларды жою бойынша жұмыс жүргiзуге кеңес бердi.