
2021 жылғы 10-13 тамыз аралығында Ветеринария басқармасы басшысының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 139 бұйрығымен бекітілген Бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес ветеринария басқармасы басшысының орынбасары О.Ә. Болыспаев, ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің бас маманы А.Ә. Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Есіл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі бақылау жүргізді. Бақылау іс-шаралары барысында Есіл ауданының ауылдық округтеріне барды. Барған жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты мамандармен мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтау мәселлелері жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.