
Облыстың ветеринариялық қызметі жануарлар мен құстарға жоспарлы күзгі ветеринариялық ем-дом шараларын жүргізуге кірісті.
Жануарлар мен құс ұстаған жағдайда жыл сайын жануарларды бруцеллёзге, туберкулёзге зерттеу, сондай-ақ сібір жарасына, құтыруға, нодулярлы дерматитке, құстарды тұмауға және басқа да ауруларға қарсы вакциналау міндетті шарт болып табылады. Індеттен сау болу, демек жануарлардан алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық ем-дом шараларының уақтылы жүргізілуіне байланысты.
Барлық азаматтарды жануарлары мен құстарына ветеринариялық ем-дом шараларын жасатуға шақырамыз. Бұл іс-шаралар тегін жүргізіледі. Жануарлар мен құстарға ем-дом жүргізу шарттары мен мерзімдері мәселесі бойынша елді мекендеріңізге бекітілген мал дәрігерлеріне жүгінуді ұсынамыз.
Жануарларын не құстарын ветеринариялық ем-дом жасатуға беруден бас тартқан мал иелеріне «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған.