
Солтүстiк қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасының (бұдан әрi — басқарма) басшысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы бекiткен 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi бiрлескен жұмыс жоспарының 30-тармағын орындау үшiн 2021 жылғы 4 тамызда Жануарлар өлекселерiн көму үшiн жабдықталған аумақтарға жұртшылықпен (Адалдық алаңы) бiрлесiп мониторинг жүргiзiлдi.
Мониторингке басқарманың ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар бөлiмiнiң басшысы — Наталья Евгеньевна Тараканова, Басқарманың әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маман-заңгерi — Азамат Серғазыұлы Әшiмов, Аққайың ауданының ветеринариялық станциясы директорының м.а. — Андрей Ильич Компанец, «Аққайың адалдық алаңы» өкiлi — Ален Жарқынұлы Оспанов қатысты.
Сапар барысында мониторинг тобы Аққайың ауданы Смирнов ауылдық округiнiң аумағында орналасқан мал қорымына барды.
Аққайың ауданының аумағында тiзiлiмге сәйкес 28 мал қорымы орналасқан.
Анықтама: мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) — эпизоотиядан өлген немесе оның таралуының алдын алу тәртiбiмен сойылған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерiн ұзақ уақыт көмуге арналған орын. Сiбiр жарасы көмiндiлерi ерекше қорғау және есепке алу мәртебесiне ие.
2020 жылы облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша және Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында 2020 жылға арналған мал қорымдарын салу мен қайта жаңартудың бекiтiлген жоспарына сәйкес Смирново ауылдық округiнiң аумағында (Смирново ауылынан 2 км қашықтықта) 1 мал қорымын (биотермиялық шұңқыр) қайта жаңарту жүргiзiлдi. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 12,0 млн.теңге бөлiндi.
Жұмыстар «AnimalStat» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) жүргiзiлдi.
Келесi құрылыс-монтаж жұмыстары жүргiзiлдi:
Бұл нысан ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келедi.
Облыс аумағында қолайлы эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында басқарма мал қорымдарының ветеринариялық-санитариялық жағдайына мониторинг жүргiзедi.
2021 жылы 2021 жылға арналған бекiтiлген мал қорымын салу және қайта жаңарту жоспарына сәйкес, Полтавка ауылдық округiнiң Полтавка ауылында, Аралаш ауылдық округiнiң Аралағаш ауылында 2 мал қорымын салу, сондай-ақ 5 мал қорымын қайта жаңарту жоспарлануда.
Бүгiнгi күнi Ленинское ауылындағы мал қорымының қоршауына жөндеу жүргiзiлдi, ауданның ветеринариялық станциясы аудан аумағындағы барлық мал қорымдарын санитарлық тазалау жүргiзiлдi.