«Құрметті профессор» атағы берілді

«Құрметті профессор» атағы берілді

2021 жылғы 15 шілдеде облыс әкімінің бірінші орынбасары М.И. Тасмағанбетовтің төрағалығымен кеңес өткізілді, онда Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кеңесінің 2021 жылғы 25 наурыздағы шешімі негізінде Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілі, «АгроДаму» коммерцияландыру және ақпараттық-кеңес беру жұмысы жөніндегі басқармасының бастығы Темірбек Сəуле Каюмқызы ветеринария басқармасының басшысы Берік Ақылжанұлы Әлжановқа құрметті профессор атағын берді.  

Берік Ақылжанұлы ұзақ уақыт бойы университетпен кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру, аурулардың алдын алу мен диагностикасының заманауи, ғылыми негізделген әдістерін енгізу, семинарлар өткізу және басқа да мәселелер бойынша бірігіп қызмет істеп келеді.

Өз кезегінде, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атынан Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Исабайұлы Есполовқа өзара ынтымақтастық, агроөнеркәсіптік кешендегі күрделі мәселелерді шешуге қосқан үлесі, білікті кадрларды даярлап жатқаны үшін Алғыс хат табысталды.

Кеңес соңында Марат Иманбайұлы Б.А. Әлжановқа алға қойылған міндеттерді шешуде кәсіби жетістіктер мен биік табыстарға жетуге тілек білдірді.