Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

2021 жылғы 14-16 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi төрағасының м.а. Абызбаев Бауыржан Кемербайұлы Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келдi. Сапар барысында Бауыржан Кемербайұлы бiрқатар объектiлердi, оның iшiнде «Адель Кус» ЖШС, Петропавл бройлер құс фабрикасы, «Якорь құс фабрикасы» ЖШС, «Фирма Алекри» ЖШС құс фабрикаларын, Тайынша ауданы Ильичевка ауылын, «ПТФ Есильская» ЖШС, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылын аралады.

Жұмыс сапарының негiзгi мақсаты — құс тұмауы бойынша ағымдағы жағдайды зерделеу. Жұмыс бабындағы кездесу нәтижелерi бойынша төрағаның мiндетiн атқарушы өңiрдiң ветеринариялық қызметiнiң құс тұмауына және адам мен жануарларға ортақ басқа да аса қауiптi ауруларға қарсы екпе егу және олардың алдын алу бойынша жүргiзiп жатқан жұмысына оң баға бердi.