
2021 жылғы 26 мамырда ветеринария басқармасының мамандары Қызылжар ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Владимир Николаевич Очеретенконың төрағалығымен өткен отырысына қатысты. «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры Ербол Қабдырахманұлы Багенов Қызылжар ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық қолайлылықты қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық ветеринариялық станцияның мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуі бойынша мәселелер талқыланды. Ауданның қоғамдық кеңесі ветеринариялық станция директорының ақпаратын назарға алып, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың клиентке бағдарлануын одан әрі жақсарту туралы ұсыныстар берді.