
2021 жылғы 20 мамырда ветеринария басқармасы Брижит Бардо халықаралық жануарларға көмек қоры ұйымдастырған онлайн дискуссиялық кездесуге қатысты.
Конференцияға қатысушылар: Брижит Бардо қоры, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының ветеринар мамандары, жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері.
Бейнеконференц-байланыс тақырыбы «Қаңғыбас иттердің санын реттеу бойынша ауған тәжірибесі».
Кездесу барысында Mayhew International докторы Абдул Джалил Мохаммедизая мен Бардо Брижит қорының басшысы Олуа қатысушыларды «Кабул қаласында қаңғыбас иттердің санын реттеу» презентациясымен таныстырып, осы жобаның маңыздылығын атап өтті.
Онлайн кездесуде қатысушылар жануарларға жауапты қарау мәселелерін, сондай-ақ өңірлерде қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын талқылады.