Жануарлар иелерiнiң назарына!

Жануарлар иелерiнiң назарына!

Облыста жануарларға көктемгi жоспарлы ем-дом жасау аяқталуға жақын қалды. 20 мамырға дейiн жоспарларда көзделген жануарларды ауруларға қарсы зерттеулер мен вакциналаудың 85%-дан астамы жүргiзiлдi.

Жыл сайын жануарларды бруцеллёзге, туберкулёзге зерттеу, сондай-ақ сiбiр жарасы, құтыру, нодулярлы дерматит және жоспарда көзделген басқа да ауруларға қарсы вакциналау жануарларды ұстаудағы және өсiрудегi мiндеттi шарт екендiгiн еске саламыз. Iндеттен аман болу, демек жануарлардан алынатын өнiмдердiң сапасы мен қауiпсiздiгi — ветеринариялық ем-шаралардың уақтылы жасалуына байланысты.

Ветеринариялық ем-дом жасалмаған жануарлары бар азаматтарға елдi мекенiңiзге бекiтiлген мал дәрiгерiне жүгiнуге кеңес беремiз.