Ғалымдар пiкiрi маңызды

Ғалымдар пiкiрi маңызды

2021 жылғы 29 сәуiрде «Солтүстiк Қазақстан облысында ветеринарияның өзектi мәселелерiн шешу жағдайы және жолдары» тақырыбы бойынша семинар өткiзiлдi, ұйымдастырушы — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетi.

Семинарға ветеринариялық станция директорлары мен шаруашылықтардың ветеринар мамандары белсендi қатысты.

Басқарма басшысы Әлжанов Б.А. өз баяндамасында фермерлерге консалтингiлiк және бiлiм саласында қызмет көрсету тұрғысында университеттiң өндiрiспен өзара тығыз байланыста екенiн, бұл агроөнеркәсiптiк кешенге инновацияларды енгiзуге, сол арқылы саланың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiнiн атап өттi.

Өз кезегiнде ғалымдар бiрқатар практикалық сұрақтарға жауап берiп, ветеринарияның өзектi мәселелерiн шешу үшiн бiрқатар кеңестер бердi.