
2021 жылғы 19-22 сәуір аралығында Ветеринария басқармасының мамандары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметіндегі мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі бақылау жүргізді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша ауылдық округтердің ветеринар мамандарымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында ветеринария саласындағы заңнама нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде ұсыныстар мен түсініктер берілді.