Жануарларда құтырма ауруының тiркелуiне қатысты

Жануарларда құтырма ауруының тiркелуiне қатысты

2021 жылғы 08 сәуiрдегi сынау хаттамасының негiзiнде Ақжар ауданының «Ақерке» ШҚ-да, Жамбыл ауданының Қарақамыс ауылында, Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның Қазақстанның 15 жылдығы ауылында, М.Жұмабаев ауданының «Куломзино» ШҚ-да анықталған ошақтарға құтырма ауруы бойынша шектеу енгiзiлетiн болады.

Инфекция ошақтарында шектеулер енгiзу және арнайы iс-шаралар жүргiзу ветеринария саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлерде көзделген.

Анықтама үшiн: Құтырма — жiтi жедел өтетiн өмiр үшiн аса қауiптi жұқпалы вирустық табиғи-ошақтық ауру.

Ауыл шаруашылығы және үй жануарлары құтырма вирусын ауру жұқтырған жануармен тiкелей байланыста болған жағдайда жұқтырады. Құтырма вирусы тiстеген кезде жұғады.

Инфекция үй жануарларының жабайы жыртқыштармен байланысы нәтижесiнде жұққан. Елдi мекендерде түлкiлердiң, қарсақтардың, жанат тәрiздi иттердiң жиi кiргенiн көзiмен көрген адамдар, жергiлiктi тұрғындар растап отыр.

Қыс-көктем мезгiлiнде жабайы жыртқыштардың елдi мекендерге кiру жағдайлары жиiлеп кеткенi бәрiне мәлiм. Бұл табиғи-климаттық жағдайлардың қолайсыздығына байланысты, олар мекендейтiн жерде азық көздерiнiң болмауына байланысты болуы мүмкiн.

Бұған дейiн құтырма ауруы бойынша шектеулер Тимирязев ауданындағы «Атамекен Агро Тимирязево» ЖШС-де, Мамлют ауданының Меңгесер ауылында енгiзiлген болатын.

Құтырма ауруының барлық ошақтарында жануарлардың барлық түрiне құтырмаға қарсы профилактикалық вакцина егудi қамтитын арнайы iс-шаралар жүргiзiлiп жатыр.

Құтырма ауруының адамдарға жұғуына және жануарлардың жаппай ауыруына жол бермеу қажет.

Құтырма бойынша қолайсыз пункттерден шектеулер барлық арнайы iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн алынатын болады.