СҚО-да құтырма ауруы тiркелдi

СҚО-да құтырма ауруы тiркелдi

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi ветеринария басқармасының басшысы Б.А. Әлжановтың Тимирязев ауданы Докучаев ауылындағы «Атамекен Агро Тимирязев» ЖШС-де құтырма ауруының тiркелу фактiсi бойынша берген сұхбатына қатысты.

2021 жылғы 8 сәуiрде диагноздың расталуына байланысты, Тимирязев ауданы Докучаев ауылындағы «Атамекен Агро Тимирязев» ЖШС-не құтырма бойынша шектеу шараларын қою көзделiп отыр.

Шектеулер қою және инфекция ошағында барлық арнайы iс-шараларды жүргiзу ветеринария саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлерде көзделген.

Құтырма — жiтi жедел өтетiн өмiр үшiн аса қауiптi жұқпалы вирустық табиғи-ошақтық ауру.

Ауыл шаруашылығы және үй жануарлары құтырма вирусын ауру жұқтырған жануармен тiкелей байланыста болған жағдайда жұқтырады. Құтырма вирусы тiстеген кезде жұғады. Қоздырғыш ағзаға зақымданған шырышты, терi қабаттары арқылы енедi.

Бұл жолы ауру үй жануарына түлкiден жұққан. Көктем-қыс мезгiлiнде инфекция көзi болуы мүмкiн жабайы жыртқыштардың елдi мекендерге кiру жағдайлары жиiлеп кеткенi бәрiне мәлiм.

Адамдардың құтырма ауруын жұқтыруы және жануарлардың жаппай ауыруы тiркелген жоқ.

Облыста қауiптi аймақтардағы ауыл шаруашылығы және үй жануарларын вакциналау үшiн 53,0 мың дозадан астам вакцина бар.

Барлық арнайы iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн шектеу алынатын болады.