Үйлестiру Кеңесiнiң отырысы

Үйлестiру Кеңесiнiң отырысы

2021 жылғы 09 сәуiрде ветеринария басқармасының басшысы Б.А. Әлжановтың төрағалығымен облыстың ветеринариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң отырысы өттi.

Жануарлар бруцеллезiнiң алдын алу бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар туралы Уәлиханов ауданының және Есiл ауданының ветеринариялық станциясының директорлары сөз сөйледi

Сондай-ақ, облыс аумағында құс тұмауының алдын алу мәселелерi және ауыл шаруашылығы жануарларын санитарлық союды жүзеге асыратын кәсiпорындардың тiзбесi қаралды.

Үйлестiру кеңесi отырысының қорытындысы бойынша қолайсыз елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезге қарсы вакцинациялауды жүргiзу туралы шешiм қабылданды, Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға арналған құс тұмауының алдын алу бойынша кешендi iс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылды және ауру жануарларды санитарлық союды жүзеге асыру үшiн келесi ет өңдеу кәсiпорындары мен сою пункттерi анықталды: «Қазмясопродукт» ЖШС, «Фрегат» ЖШС (Петропавл қ.), «Фиксель И.А.» ЖК (М. Жұмабаев ауданы, Возвышенка а.), «Клименко С.П.» ЖК (Ғ. Мүсiрепов ауданы, с. Новоишимское), «MEAT MALL» ЖШС (Тобыл қ.), «Қостанай Агро Продукт» ЖШС (Қостанай қ.), «МПК БИЖАН» ЖШС (Көкшетау қ.).

Тиiстi тапсырмалар мүдделi мемлекеттiк органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға берiлдi.