Ветеринария саласындағы лицензия беру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Ветеринария саласындағы лицензия беру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2021 жылғы 12 наурыздағы № 75 бұйрығымен «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2020 жығы 2 қазандағы № 302 бұйрығына өзгерiстер енгiзiлдi.

Енгiзiлген өзгерiстер «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк қызметiн толық автоматтандырып, электрондық түрде көрсетуге бағытталған.

Қызмет көрсету тәртiбiмен төменде көрсетiлген сiлтеме арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-veterinary/documents/details/155281?lang=kk