
Жануарларды алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу құнын өтеу кезiндегi қажеттi құжаттар тiзбесi.
Қолайлы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бруцеллезiн қоспағанда, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы шешiмi;
Сараптама актiсi (сынау хаттамасы);
Залалсыздандыру (зарарсыздандыру) туралы нұсқама;
Жануарларды қайта өңдеуге өткiзу туралы акт;
Орташа айлық нарықтық құнды белгiлеу туралы акт;
Ветеринариялық паспорт;
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқордан үзiндi көшiрме.
Өтеу "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы" 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 Қағидалардың 5-тарауының 14-тармағымен реттеледi.